Алматыда 12 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Нападение с ножом, поножовщина, нож, ножевое ранение, ножевые ранения, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 10:52 Фото: pixabay
Алматыда қаза тапқан 12 жастағы баланың отбасы қылмыстық істің тоқтатылуына байланысты әділдікке қол жеткізуге тырысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 10 маусымда Алматының Түрксіб ауданында 13 жастағы жасөспірім 12 жастағы Абылайхан Ержанұлына бірнеше рет пышақ сұғып, оны қатыгездікпен өлтірген. Оқиға әскери қызметшілерге арналған жатақханада болған. Сол кезде сотқа дейінгі тергеу аясында полиция күдікті жасөспірімді ұстап, арнайы мекемеге орналастырған.

Алайда КТК телеарнасының мәліметінше, қылмыстық іс тоқтатылған.

"Қылмыстық істің тоқтатылуы оқиғаның салдары болмады дегенді білдірмейді. Жасөспірім мен оның ата-анасына қатысты заңда көзделген шаралар қабылданды. Кәмелетке толмаған бала профилактикалық есепке қойылды. Оның мінез-құлқы полицияның тұрақты бақылауында болады", – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиға кезінде күдікті 13 жаста болғандықтан, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ал ата-анасына әкімшілік жаза тағайындалған. Қазір жасөспірім ерекше ұстау режимі бар арнайы мектеп-интернатта тәрбиеленіп жатыр. Ол мекемеге бір жыл мерзімге орналастырылған. Алайда марқұмның жақындары мұндай шешіммен келіспейді.

"Оны бала ғой деп жатыр. Бұл бала емес. Ол – аса қатыгездікпен қылмыс жасаған адам. Оның үстіне, бұл кездейсоқ болған жоқ, ол бұған дайындалған. Сондықтан біз көптеген олқылықты көріп отырмыз. Оны бір жылға арнайы мекемеге орналастыру туралы шешім шығарды. Біз бұған мүлде келіспейміз. Бір жылда бала ештеңе түсінбейді. Мен осы іске қатысы бар адамдардың барлығы, мүлде барлығы жазаланғанын қалаймын", – деді марқұмның анасы Замира Бадалова.

Абылайханның анасының айтуынша, жанжалға екі жасөспірімге де ұнаған қыз себеп болған. Алғашында балаға тоғыз рет пышақ жарақаты салынғаны хабарланған. Алайда туыстарының сөзінше, кейінгі сараптама нәтижесінде жарақат саны 16 екені анықталған.

Бұған дейін Оралда бұрынғы полиция қызметкері пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген еді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: