Қазақстанда ауа температурасы -16°C-қа дейін төмендеп, қалың қар жауады: 12–14 қарашаға арналған болжам

Алдағы күндері Қазақстанда қолайсыз ауа райы күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да күн суытып, кей жерлерде жауын-шашын мол түседі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған 2026 жылғы 12, 13 және 14 қарашаға арналған ауа райы болжамында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 11:50 Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
Алдағы күндері Қазақстанда қолайсыз ауа райы күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да күн суытып, кей жерлерде жауын-шашын мол түседі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған 2026 жылғы 12, 13 және 14 қарашаға арналған ауа райы болжамында айтылған.

Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы:

  • елдің батысында түнде +2...+9°C-қа, күндіз +8...+17°C-қа дейін жоғарылайды;
  • солтүстікте түнде -2...-10°C-қа дейін төмендейді, күндіз негізінен -2...+5°C болады;
  • орталық пен шығыста түнде -5...-15°C-қа дейін төмендейді, күндіз негізінен -3...+5°C болады;
  • оңтүстікте түнде -1...-8°C-қа дейін төмендеп, күндіз +5...+12°C-қа дейін жоғарылайды;
  • оңтүстік-шығыста түнде -3...-8°C-қа, таулы аудандарда -11...-16°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +2...+10°C-қа дейін жылынады, ал таулы аудандарда -1...-6°C болады.
"Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын мол түсіп, қалың қар жаууы және көктайғақ болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, елдің шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Кей күндері елдің батысында, солтүстігінде және орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде 2026 жылғы 11 қарашаға дауылды ескерту жариялаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: