АЭС құрылысы: Балқаш тұрғындарының ауызсуына ластану қаупі бар ма
Фото: pixabay
Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы құрылыстарын дамыту департаментінің директоры Сағи Өтелов 2026 жылғы 12 қарашада ОКҚ-да өткен брифингте АЭС құрылысы аяқталғаннан кейін Балқаш тұрғындары тұтынатын ауызсудың ластану қаупіне қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, Балқаш көлі маңындағы елді мекендер ауызсуды жерасты су көздерінен алады.
"Атом электр станциясына келсек, оған жерүсті су көзі пайдаланылады. Нақтырақ айтқанда, су тікелей Балқаш көлінен алынады", – деп түсіндірді спикер.
Ол қазір Балқаш көлін сумен толықтыратын Іле өзенінің арнасын тазарту жобалары жүзеге асырылып жатқанын айтты.
"Қазіргі уақытта Балқаш көлі халықты ауызсумен қамтамасыз етуге қауіп төндіріп отырған жоқ", – деп атап өтті Өтелов.
Бұған дейін Қазақстанда жұмыс барысында ауызсуды пайдаланатын көлік жуу орындарына бақылау күшейтілетіні туралы жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript