Алматыдағы көмір базалары жыл соңына дейін қала сыртына көшіріледі

Уголь, добыча угля, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 12:32 Фото: Zakon.kz
Алматыда шығарындылар деңгейі төмен аймақ (LEZ) аумағында көмір сатуды тоқтату жоспарланып отыр. Бұл шара көмір базаларын қала сыртына көшіру және ауаның ластануын азайту мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 13 қарашада таратқан мәліметке сәйкес, бұл мәселе экология жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.

Жоспар бойынша 2026 жылдың соңына дейін қаладағы базаларға теміржолмен көмір жеткізу тоқтатылуға тиіс.

Бұған дейін көмір базаларын Алматы облысына көшіру тапсырылған еді. Алайда кейбір базаларда көмір түсіру және сату жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта базаларда шамамен 24 мың тонна көмір бар. Соның 22,8 мың тоннасы немесе 95 пайызы – кірпіш зауыттарына арналған ұсақ түйіршікті көмір.

"Көмір базалары орналасқан алаңдарды жалға алу шарттарын 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін бұзу жоспарланып отыр", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін, 2026 жылғы 4 қарашада энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанда көмір мен электр энергиясы қымбаттауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: