Көкшетауда автобус жүргізушісі мен жолаушылар арасындағы жанжал немен аяқталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2026 13:12 Фото: Zakon.kz
Көкшетауда №10 автобустың жүргізушісі мен жолаушылар арасында болған төбелеске қатысты тексеру аяқталды. Әлеуметтік желіде тараған жанжалдың видеосы қала тұрғындары арасында қызу талқыланған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға қаладағы аялдамалардың бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші басқа жолаушыларға кедергі келтірмеу үшін салонның ішіне қарай өтуді сұраған. Осыдан кейін сөзге келіспеушілік туындап, арты төбелеске ұласқан, деп жазады Sinegor.

Видео әлеуметтік желіде тараған соң, полиция жанжалға қатысушылардың кім екенін анықтауға кірісті. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін Ақмола облысының полиция департаменті жолаушылардың бірі жүргізушінің бетінен ұрғанын хабарлады. Алайда зардап шеккен жүргізушінің өзі бұл оқиғаға байланысты шара қолданбауды сұрап, арыз жазған.

Нәтижесінде жүргізушіні ұрған ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция кез келген жанжалды күш қолданбай, заң аясында шешу қажеттігін еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: