Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады – Мемлекет басшысы
Фото: Zakon.kz
Соңғы жеті жылда Қазақстанның агроөнеркәсіп өнімдері экспорты екі есе өсіп, 7 млрд долларға жуықтады. Экспорттағы өңделген өнімнің үлесі 52 пайызға жетті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы осы кезеңде азық-түлік өндірісі де артқанын атап өтті.
"Азық-түлік өндірісі 28 пайызға өсті. Жалпы құны 2,7 триллион теңге болатын 1 630 инвестициялық жоба іске қосылды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, былтыр Қазақстанда соңғы жиырма жылда алғаш рет ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілді. Санақ барысында цифрлық технологиялар қолданылды.
"Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы жан-жақты әрі нақты мәлімет алынды. Осы саланың шынайы ахуалын көрсететін толыққанды деректер жиналды", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор екенін атап өтті.
"Басты міндет – қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, уақытты созбай, белсенді түрде жұмысқа кірісу керек", – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript