Қазақстанда мұрагерлік құқығына қатысты ережелер қайта қаралуы мүмкін

Қазақстанда мұрагерлік құқығына қатысты ережелер қайта қаралуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 18:20 Сурет: freepik
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2026 жылғы 24 қарашада Құрылтай отырысында мұрагерлік құқығын қайта қарау жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қатынастарды Қазақстанның жаңа Азаматтық кодексінің жобасын әзірлеу барысында нақтылау ұсынылып отыр.

"Мұрагерлік құқығы Конституцияда дербес құндылық ретінде бекітілген. Оны дамытуда адамның еркі мен отбасының мүддесін құрметтеу қажет", – деді Ерлан Сәрсембаев Құрылтай отырысында.

Кейін министр кулуарда журналистерге ведомствоның ұстанымын түсіндірді.

"Бұл бөлімде де бірқатар мәселе бар. Конституция деңгейінде меншік құқығы мен мұрагерлік құқығын бекіттік. Алайда Азаматтық кодекстің қолданыстағы редакциясында, әсіресе мұра мемлекетке өткен немесе мемлекет осы мәселелерге қатысқан жағдайда, бұл құқықтар толық көрініс таппаған. Мысалы, адам қайтыс болды делік, бірақ оның мұрагерлері жоқ. Мұндай жағдайда мұраның жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтуіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды белгілі бір деңгейде түзету қажет. Біз осы мәселені де көтеріп отырмыз", – деді Әділет министрлігінің басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: