Сәтсіз контент: Астананың екі тұрғыны тікелей эфирден кейін қамауға алынды

Социальные сети, ТикТок, TikTok, социальная сеть, приложение, приложения, телефон, мобильный интернет, соцсеть, соцсети, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 12:29 Фото: unsplash
Астанада полицейлер TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан екі қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық Полиция департаментінің (ПД) мәліметінше, құқық бұзғандар 23 және 25 жастағы екі ер адам болып шыққан.

"Тікелей эфир кезінде олар көпшілік алдында әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық мораль мен адамгершіліктің жалпыға бірдей нормаларына қайшы келетін сөз тіркестерін қолданған", – деп хабарлады 2026 жылғы 26 қарашада ПД өкілдері.

Олардың әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды. Сот екеуіне де бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Полиция әлеуметтік желілердегі қоғамдық кеңістік жауапкершіліктен босатпайтынын еске салды. Әрбір қолданушы өзінің әрекеті мен жариялаған контенті үшін жауап береді.

Айта кетейік, елорда полицейлері Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық бұйымдардың сатылуын бақылауды күшейтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: