Павлодардағы санитариялық бақылау басқармасының басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр
Фото: Zakon.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына қатысты тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде басқарма басшысының 400 мың теңге пара алды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған. Жазбада ақшаны оған кәсіпкерлердің бірі бергені айтылған.
Zakon.kz тілшісі осы ақпаратқа қатысты ҰҚК-ге сауал жолдаған. Комитет өкілдері қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті сіздің сауалыңызды қарады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деп жауап берді ведомство.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript