Қазақстанда есірткі бизнесіне қатысы бар 53 ұйымдасқан топ мүшесі ұсталды

ІІМ 32 тоннадан астам есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол бермеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2026 12:10 Сурет: polisia.kz
ІІМ "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 айда 6,5 мың есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде үш мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. 32 тоннадан астам есірткінің, оның ішінде бір тоннадан астам синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде бір трансұлттық қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 10 жетекшісі мен 43 мүшесі ұсталды. 23 есірткі зертханасы және 94 фитозертхана жойылды. Есірткі контрабандасының 147 дерегі анықталды.

Халықаралық ынтымақтастық аясында екі сыртқы, сондай-ақ ел аумағында 18 ішкі есірткі жеткізу арнасы бақылауда болды.

"Цифрлық кеңістіктегі есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл күшейтілді. "Киберқадағалау" жүйесіне заңсыз контентті 30 мыңға жуық интернет-ресурс енгізілді. 11 мыңнан астам сайт пен жалпы сомасы 283 млн теңгеден асатын 14 мыңға жуық есепшот бұғатталды. ІІМ есірткі қылмысының жолын кесу бойынша кешенді жұмысты жалғастырады", – деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Мадияр Сейтжағыпар.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: