Алматы облысында екі күдіктіден 24 келіден астам мефедрон тәркіленді

Наркотики, наркотические вещества, контрабанда наркотиков, запрещенные вещества , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 13:56 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері синтетикалық есірткінің өңірлерге таралуына жол бермеді

Алматы облысында есірткі заттарының заңсыз айналымын ұйымдастыруға қатысы бар екі күдікті ұсталды.

36 жастағы азаматтың үйінің сарайын тінту барысында 24 келіден астам мефедрон салынған қаптар табылды. Бұл препараттың мөлшері 72 мың бір реттік дозаға тең.

Сонымен қатар 41 жастағы ұсталған адамнан белгісіз тапанша табылып, тәркіленді.

Күдікті адамдар ұсталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті еліміздің барлық аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткі қылмысына қарсы күрес үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: