Мақпал Жүнісова Сәкен Майғазиевтің қызына есім таңдап берді
stan.kz
Көпшіліктің таңдауы Дарияға түскенімен, Сәкен қызының есімін Сәфия деп қоятын болды.
Сәкен Майғазиев үшінші қызына есім таңдау үшін тыңдармандары арасында сауалнама жүргізді. Бір тоқтамға келе алмаған әнші екі нұсқа ұсынып, көпшіліктің пікірін сұрады. Халықтың басым бөлігі Дария деген есімге тоқталуды ұсынды. Ал әнші қандай шешім қабылдады? Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Мұндай жауапты істе Майғазиевке Халық артисі Мақпал Жүнісованың өзі көмекке келген. Сәкен де көп ойланбастан, Жүнісованың таңдауын қабыл алған.
“Белсенділік білдіріп, ой бөліскендеріңіз үшін баршаңызға Аллаһ разы болсын! Алаштың аяулы қызының таңдауына тоқтадық. Баршаңызды құшақтадым” – деп бөлісті ол желідегі парақшасында.
Сонымен, көпшіліктің таңдауы Дарияға түскенімен, Сәкен қызының есімін Сәфия деп қоятын болды.
“Ал құрметті халайық, Сәкен екеуміз ақылдасып, қыздың атын Сәфия деп қояйын деп отырмыз. Саф алтындай алтын, сұлу да әдемі, бақытты қыз болсын” – деп ақ тілегін білдірді Мақпал Жүнісова.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript