Жаңалықтар тізбегі
0

Мұхамедиұлы: Астанаға жаңа келгенде суық бөлмеде тоңып жататынмын

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2018 15:41 sputniknews.kz
Мәдениет министрі бүгінде жас спортшылардың да бар жағдайы жасалмаса да, еңбектеніп жатқанын, Қазақстан атын шығаруға күш салып жатқанын атады.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Астанаға қалай келгенін айта отырып, қызмет мансабында сатылай өскенін айтты. Қазіргі спорт пен мәдениеттегі жетістіктерді тізіп берді. Бұл жайлы http://stan.kz, The Эфир бағдарламасына сілтеме беріп хабарлайды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы министрлікте жұмыс істеп, Президенттік жоғары басқару мектебін бітірген соң Астанаға жұмысқа шақырғанын айтты.

“Астанаға алғаш 1997 жылдың 17 қазанында келдім. Президент оркестрін басқаруға жұмысқа шақырды. Мен келістім. Астанаға келгенде ақ боран соғып тұрды. Қолымда дипломат, үстімде қап-қара плащь бар. Әуежайдан келейін десем такси бағасы қымбат. Қалтамда ақшам да көп емес. Мені күтіп жатқан ешкім жоқ. Автобустар тоқтап қалған. Сосын жалғыз күтіп отырдым. Бір кезде мені күтіп алуға бір адам жіберіпті. Ол мені маған арналған бөлмеген әкеліп тастады. Әскерилердің казармасында киімдерін жинайтын склад болады. Сол жерге бір төсек қойыпты. Мені сол бөлмеге апарды. Кешкі тамақ ішу үшін бір бөлмеге бардық. Екі майор мен екі капитан отыр. Солдаттарға арналған кеспе, нан қойып, дастархан жасапты. Солдаттардың ыдысымен тамақтанып алдық. Солдаттардың матрасы, көрпесі жұп-жұқа, бөлме деген суық. Тоңғанымнан көрпенің сыртынан ілініп тұрған шинельдерді жауып ұйықтайтынмын. Жуынатын бөлмеміз де болған жоқ. Солдаттар шелекпен су құйып тұратын еді. Бірақ бұл жайлы әйеліме айтқан жоқпын. Жақсы күтіп жатыр дедім. Ер азаматпыз. Өз еркіммен жұмыс істеуге келдім. Оның несіне ренжимін. Сондай күндерді бастан өткіздік”, – дейді министр.

Мәдениет министрі бүгінде жас спортшылардың да бар жағдайы жасалмаса да, еңбектеніп жатқанын, Қазақстан атын шығаруға күш салып жатқанын атады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: