Жаңалықтар тізбегі
0

"Мақпал мені сыйламады". Сәкен Майғазиев бағдарламадан неге кетіп қалғанын түсіндірді

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2018 18:10 Sputniknews.kz
Сәкен Майғазиев отандық бағдарламалардың бірінде әріптесімен сөзге келіп қалды.

Бастапқыда ағалық назымды білдіріп отырғанмын. Кейін сөзімде тұруым керек болды. Шынымен де, мені сыйламағандай көрінді. Осылай деп ашуланды Сәкен Майғазиев өнердегі қарындасы Мақпал Исабековаға. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Отандық арналардың бірінен көрсетіліп жатқан жобалардың бірінде Сәкен Майғазив әнші Мақпал Исабековамен келіспей қалды. Олардың ренжісуіне кезекті қатысушының келесі кезеңге өту-өтпеуі себеп болды. Бастапқыда өнердегі қарындасымен әзілдесіп отырған Сәкен Майғазиев орнынан тұрып кетіп қалуға мәжбүр болды. Бұл туралы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтылды.

"Әрине, иә деп айтуың керек. Керемет орындап шықты. Мәдениетті орындап шықты. Шеңберден шыққан жоқ, артық кеткен жоқ. Бір әнді орындап шығу үшін қаншама кавер нұсқаларын тыңдап, ізденген. Егер Мақпал сен "жоқ" десең, мен жәйлап тұрамын да кете беремін. Соны ескертіп қояйын. Сатып алайын деп жатқан жоқпын. Үш қайнасам да, Жанеркемен сорпам қосылмайды. Бірақ осы қызды естімеу, көрмеу — біздің осы жерде жәй отырғанымызды білдіреді", — деді Сәкен Майғазиев бағдарлама барысында.

Мақпал Исабекова әншінің бұл пікірімен келіспейтінін айтып, қатысушыны келесі кезеңге өткізуден бас тартты. Сондай-ақ, сахна төрінде тұрған әншіден бұл шешіміне ренжімеуді сұрады.

"Неге? Бәлкім мен оның шеңберден шығуын қалайтын шығармын. Сізге былай түсіндірейін. Мен әртіспін, ән айтуға тиіспін. Бұл аспазды дәмді тағам әзірлегені үшін мақтағанмен бірдей. Ол бұл сахнаға дайын болып келуі керек еді. Ізденіп, кавердің каверін тыңдап келгені жөн. Дайындалып келуі керек еді. Ода тұрған ешнәрсе жоқ. Ренжімеңіз. Ешуақытта менің сөзім сіздің өміріңізге қиянат жасамасын. Сіздің сахнаға деген сүйіспеншілігіңізді артқа бұрмасын. Мен сізге бүгінге ғана "жоқ" деймін", — деді.

Осы сөздерден кейін Сәкен Майғазиев орнынан тұрып кетіп қалды. Кешірім сұрап, бағдарламаны әрі қарай өзі қатыспаса да жалғастыра беруді өтінді. Кейін неліктен ашуға бой алдырғанын түсіндіріп берді.

"Мақпал Исабекова қарындасыммен, көршіммен, әріптесіммен келіспей қалдым. Басында қалжыңдап отырғанмын. Мұны жасырмай-ақ қояйын. Ондай шарқ та бұрқ мінез жоқ. Ер азамат қатты қоқаң-лоқы көрсетіп, белден басып жатқан кезде ғана ашуланатын адаммын. Былайынша сабырлымын. Басында қалжыңдап, келіседі деп ойлап отырдым. "Қалай мынандай әнші өтпеуі керек?!" деген ой келді. Бір уақытта Ильхам жоқ деді, сосын Мақпалды көндіре бастадым. Қатысушы әнді керемет орындап тұр. Бейонсе әнінің басқа кавер нұсқаларын ізденіп, керемет бір тұщымды дүние шығарып тұрғанда, Макося келіспей қойды. Кейін "Келіспесең кетіп қаламын" деп ағалық назымды жасап отырғанмын. Әрі қарай сөзімде тұруым керек болды. Шынымен де, мені сыйламағандай көрінді. Мен осы жобада үш қатысушыға жүрегім ауырды. Соншалықты менімен санаспай, екеуінің белден басқанына ашуланып, тұруға мәжбүр болдым. Әйтпесе, сабырлығым жетеді. Мен келісіп, халықтың алдында қазылар санатында боламын деп уәде беріп қойғанмын. Сол себепті келіспеушіліктер де болып тұрды", — деді Сәкен Майғазиев.

Ал Мақпал Исабекова өз кезегінде әділ шешім қабылдағанына сенімді екенін айтып өтті.

"Бұл сұраққа жауап бермей-ақ қояйын. Өйткені біреуге ешнәрсе жабқым келмейді, өзімді ақтағым келмейді. Төртеуіміз отырғандықтан, төртеуіміздің де дауысымыз қатарынан жүреді. Халық соны ғана қабылдап, дұрыс түсінсін. Мен тек өзімнің пікірімді білдіріп отырамын. Менің пікірім басқа әділқазы алқаларының мүшелерімен сәйкес келмей жатса, мен не істей аламын? Онда менің алдап, көнгенім болады. Егер жасы үлкен ғой деп ол кісімен келісе салсам, бұл халықты алдағаным болады", — деді Мақпал Исабекова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: