Жаңалықтар тізбегі
0

Айжан Нұрмағамбетова ірі жол апатына түсіп, төсек тартып жатып қалған

Stan.kz Stan.kz
Өнер иесі жасаған қайырымдылығын жария ететін әріптестеріне ренжулі.

Таяуда Айжан Нұрмағамбетова кемтар жандар қатысқан караоке-жарыста қазылық етті. Өнер иесі жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, бос уақытын мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаған. Ол іс-шараның мақсатын білген соң, ойланбастан келіскенін айтады. Себебі кемтар жандарды өте жақсы түсінемін дейді. Бұл туралы Айжан Comode басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Өнер иесі жасаған қайырымдылығын жария ететін әріптестеріне ренжулі. Нұрмағамбетова осыдан бірнеше жыл бұрын балалар үйінде өткен концертті еске алды. Әншінің айтуынша, шараға қатысуы тиіс өнер жұлдыздары шын мәнінде келмей қалған.

“Мен бұл адамдарға риза боламын. Төсек тартып жату немесе біреудің көмегіне мұқтаж болу оңай емес. Осыдан жиырма жыл бұрын мен үлкен жол апатына түстім. Бір жылға жуық төсектен тұра алмай, сал болып жатып қалдым. Кейде өмірім тоқтап қалғандай елестейтін еді. Өнермен қоштасып, сахнаға қайта шықпастай қорқатын едім. Алайда, маған жақындарым, бауырларым қолдау көрсетті. Сенді, жігер берді. Нәтижесінде міне, сахна рахаттанып билеп, ән айтып жүрмін”, – дейді Айжан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: