Түркістан облысындағы ірі жол апатына қатысты іс қозғалды
ҚазАқпарат
Түркістан облысындағы ірі жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, соқтығысқа екі көлікте барлығы 2 жүргізуші мен 11 жолаушы болған. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, бірнеше сараптамалар тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске салайық, «Жол көлік оқиғасы Төлеби ауданының аумағында, Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 733 шақырымында болды. «Мазда» жеңіл көлігі «Ssang yong» микро автобусының артқы тұсынан келіп соққан. Нәтижесінде жол апаты кезінде үш адам: «Мазда» көлігінің жүргізушісі және екі әйел көз жұмды. Әйелдердің бірі Өзбекстан азаматшасы. Сондай-ақ, 9 адам турлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың 6-уы өзбекстандықтар.
