Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ірі жол-көлік апатын жасаған автобус жүргузішісінің соты басталды

Алматы, автобус жүргізушісі, жол-көлік апаты, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 13:45 Сурет: Zakon.kz
Алматының Медеу аудандық сотында жол-көлік апатын жасаған автобус жүргізушісінің соты басталды. Ол басқа автобуспен соқтығысып, жаяу жүргіншілер жолағына шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қаққан еді, салдарынан 37 жастағы ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іске №98 бағыттағы автобус жүргізушісі айыпталушы ретінде тартылды. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам жол қозғалысы ережесін бұзып, 201-маршруттағы басқа автобуспен соқтығысып, жаяу жүргіншілер жолағындағы жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Үш айға жуық уақыт бойы полицейлер техникалық және медициналық тексерулер жүргізіп, апаттың себептерін анықтады. Осы уақыт аралығында күдікті қамауда болды.

Бүгін, 21 ақпанда аудандық сотта алдын ала тыңдау өтті. Басты сот отырысы 3 наурызға белгіленді.

2022 жылғы 8 қарашада Алматының орталығында Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болып, екі жолаушы автобусы бір-біріне соғылды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 98-бағыттағы қоғамдық көліктің тізгінінде 35 жастағы жүргізуші болған, ол Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан.  Ал Төле би көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, шығыс бағытта келе жатқан басқа автобуспен соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, екі көлік те жаяу жүргіншілер келе жатұан тротуарға шығып кеткен. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 21 адам зардап шекті.

Кейін полицейлер қайтыс болған жігіт тағылымдамадан өтіп жүргенін, апат кезінде ол автобус салонында болғанын анықтады

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

7 ақпан күні тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: