Жаңалықтар тізбегі
0

Ержан Максим халықаралық фестивальге шақырту алды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2019 18:18 видеодан алынды
Бұл туралы елордада өткен "Nur Sultan Music Awards" халықаралық музыка фестивалі кезінде әншінің анасы Гүлмира Әлібек мәлім етті.

Отандық жас әнші Ержан Максим жуырда Сочиде өтетін "Super Дети" деп аталатын халықаралық фестивальге шақырту алды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бұл туралы елордада өткен "Nur Sultan Music Awards" халықаралық музыка фестивалі кезінде әншінің анасы Гүлмира Әлібек мәлім етті.

"Бүгінгі фестивальге қатысқаныма қуаныштымын. Өте жоғары деңгейде өтуде. Әр сахна менің өнердегі тәжірибемді шыңдай түседі. Алдымызда мені үлкен байқау күтіп тұр. Қазіргі уақытта "Junior Eurovision 2019" байқауына дайындық жүріп жатыр, бірақ қандай ән айтамын, авторы кім әзірге айта алмаймын", - деді Ержан Максим.

Сондай-ақ, жас әнші Димаш Құдайберген, Селин Дион, Лара Фабиан секілді әлемдік деңгейдегі әншілермен дуэт айтқысы келетінін тілге тиек етті.

"Алда көптеген шығармашылық жоспарларымыз бар. Оның бәрі әзірге құпия. Дәл қазіргі уақытта біз бар күшімізді "Junior Eurovision 2019" байқауына салып жатырмыз, вокал жағынан дайындықты күшейтудеміз. Байқауда айтатын әнді күтіп отырмыз, одан соң оған клип түсіру жұмысы басталады. Жақын уақыттағы жоспарға келсек, Ержан жақында, нақты айтқанда 30 тамызда Сочиде өтетін "Super Дети" деп аталатын халықаралық фестивальдің басты қонағы болады", -деді әншінің анасы Гүлмира Әлібек БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: