Димаш Құдайберген Сочиде өтетін спорттық шараға шақырту алды

Бұл турнирдің басты жекпе-жегінде Fight Nights Global тұжырымының чемпионы Жалғас Жұмағұлов UFC тұжырымында өнер көрсеткен Али Багаутиновпен (19-6) кездеседі.
Әнші Димаш Құдайберген Сочиде өтететін қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы - Жалғас Жұмағұлов пен Әли Багаутинов арасында өтетін жекпе-жектің құрметті қонағы болады, деп хабарлайды "Хабар-24".
"Димаш Құдайбергенов Сочи қаласында өтетін Fight Nights Global 95 турнирінің құрметті қонағы болады. Бұл турнирдің басты жекпе-жегінде Fight Nights Global тұжырымының чемпионы Жалғас Жұмағұлов UFC тұжырымында өнер көрсеткен Али Багаутиновпен (19-6) кездеседі. Отандасымыз ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды", - дейді телеарна тілшісі.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың 31-тамызында Тагир Уланбековке қарсы өткізіп, чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын. Одан бөлек, отандасымыз Алидің туған бауыры Артур Багаутиновты нокаутпен жеңген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript