Жаңалықтар тізбегі
0

"Тоқалдарын тықпалап...". Жаңа қызметін "жарнамалаған" Аша Матай өкініп қалды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2019 18:48 видеодан алынды
- Бір аптадай бұрын мен "Еуразия" Бірінші арнасында жаңа телевизиялық жоба жарық көреді дегенмін. Осыны жария ете салысыммен менің телефоным тыным болмады. Рас айтамын - Аша Матай.

Әнші, тележүргізуші Аша Матай бір былықтың бетін ашып, желіде жазба жариялады. Оған ақша ұсынған адам "жұмыс орныңды босатып берші" деп қолқалаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Кенеттен қызыққа тап болдық қой. Бір аптадай бұрын мен "Еуразия" Бірінші арнасында жаңа телевизиялық жоба жарық көреді дегенмін. Осыны жария ете салысыммен менің телефоным тыным болмады. Рас айтамын. Оның үстіне Инстаграм желісіне де осыны талқылап, жарыса жазған жұртты көрсеңіз. Соңы жоқ... Елестетіп көріңізші...

Бір қызығы қоңыраулардың бірінде маған жоба жүргізушісі болмауымды өтініп, ақша ұсынғандар болды. Түсінгенім, бұл оғаш қылықтың барлығы менің жүргізуші болмауым үшін ойластырылғандай көрінді. Таң қалып отырмын. Бұл әлгіндегі пысықай "көкелер" мен "дөкейлердің" құйтырқы әрекеті деп топшылаймын. Тоқалдарын тықпалағысы келетін..." деп жазды таң-тамаша әрі ашулы Аша Матай.

Айта кетсек, кейбір БАҚ-тар бірер апта бұрын атышулы "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі болған Аша Матайдың аяғы ауыр секілді деген сипатта ақпарат таратқан болатын.

Оқи отырыңыз: "Бір еркек қолын созбады...". Маржан Арапбаева өзінің неден қорланатынын айтты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: