Мақпал Жүнісова Бақытжан Сағынтаевқа өз базынасын жеткізді

nespi.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2019 23:38 nespi.kz
- Қанша әкім ауысты? Бірақ біреуі де: "Мақпал, айналайын, қала күніне келіп ән салып бер" деп айтқан жоқ. Ал енді шақырмаған жерге мен қалай барамын. Бармаймын, ренжідім - Мақпал Жүнісова.

Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа телеарна арқылы өз базынасын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Shownews.kz-ке сілтеме жасап.

"Бір концертіне қатыстырған жоқ. Алматы күні, Алматы түні дейсіз бе? Қайдан білейік, мен де білмеймін неге шақырмайтынын. Мен таяқ ұстап жүрген апа емеспін ғой жүре алмайды дейтіндей. Әрі-бері секіріп жүрген адамбыз гастрольдетіп. Бірақ мені шақырмайды.

Қанша әкім ауысты? Бірақ біреуі де: "Мақпал, айналайын, қала күніне келіп ән салып бер" деп айтқан жоқ. Ал енді шақырмаған жерге мен қалай барамын. Бармаймын, ренжідім. Сағынтаев ағамыз, мүмкін басқаша әкім шығар. Ендігі жылы мүмкін мені шақыратын шығар", - деді әлі де бұл ретте үмітін жоғалтпаған әнші.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: