Жаңалықтар тізбегі
0

Танымал ақын Қайрат Нұртас секілді әншілердің басты кемшілігін атады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2019 18:06 видеодан алынды
Ақын қазіргі концерттен елдің неге шаршап қалатынын да түсіндірді.

Ақын әрі композитор Исраил Сапарбай той әншілерінің киелі сахнаны жайлап алғанына қатты қапалы. Тіпті, ол отандық бір телебағдарламаға сарапшы болып барып, ол арада "Омпай-омпай" әні орындалғанда түрегеліп кетіп қалғанын да айтты, деп хабарлайды Zakon.kz "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

"...Кешегі ой салар әндер бірте-бірте сахнадан қалып бара жатыр. Ненің әсерінен дейсіз? Еліктеу-солықтаудың кесірінен. Жаһандану заманында қазақтығыңды сақтасаң ғана ұлт ретінде сақталасын. Ал бізде еліктеушілік, желікпелік көп. Жеңіл-желпі нәрсе көп. Қазір өзінің дауысының осалдығын, әлсіздігін жастар қосымша элементтермен жасырады. Бір сөзді бірнеше рет қайталап, бимен беріп жібереді. Ол әнші өзінің кемшілігін жақсы біледі. Бірақ оны мойындап, қоя салмайды, керісінше сахнаға шығамын деген өлермендік олардікі. Содан кейін де сахнаны жеңіл-желпі әндер жайлап кетті. Даңғара музыкамен кемшін тұсын жасырады. Ал былай өзін жеке алып қарасаңыз, оның ән сиқы жоқ", - дейді ақын.

Ақын қазіргі концерттен елдің неге шаршап қалатынын да түсіндірді.

Оқи отырыңыз: Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

"Жасырын емес, қазір Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі, Ернар Айдар, Заттыбекке дейін сахнаны ешкімге бермейтін болып алды. Арзан ән, даңғаза музыка. Ондай концерттен халықтың басы ауырып, жүйкесі шаршап қайтады. Одан кейін сахнадан қандай кие қалады? Жақында ғана Студенттер сарайында Ибрагим Исаевтың еске алу кеші болды. Онда үлкен буындағы әншілеріміз кезек-кезегімен сахнаға шығып, бір жасап қалды. Өте бір өте әсерлі кеш болды, жақсы демалдық. Шын, қазір біз жатырқап қалдық. Қазір орындалып жүрген у-шудан нені тыңдайтынын да білмейсің? Ең жаман жері, олар көрерменнің эстетикалық талғамын өшіріп сызып жатыр", - дейді ол.

Оның айтуынша, әркім өз орнын білгені жақсы.

Тағы да: "Түк масқара емес...". Айжан Нұрмағамбетова Қайрат Нұртасты әбден мақтады

"Отандық телеарнада "Беу" деген бағдарлама шығыпты. Соған сарапшы ретінде мені шақырды. "Опмай-опмайды" көрген кезде ашуланып, шығып кеттім. Ұрстым Әлияға, "неге мені мынандайға уақытымды текке кетіріп шақырасыңдар" дедім. Ертеңінде тойда көрдім өздерін. "Енді орындарыңды таптыңдар, ал киелі сахнаны бұлғап нелерің бар" деп айттым оларға. Сөйтсем жап-жақсы киінген, қазақтың жігіттері екен...", - дейді Исраил Сапарбай.

Бұл да бар: Қайрат Нұртастың масқара видеосына қатысты анасы түсінік берді

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: