Junior Eurovision-2019 халықаралық байқауында Ержан Максим ІІ-орын алды
Junior Eurovision-2019 халықаралық ән байқауында отандасымыз Ержан Максим ІІ-орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 жастағы бала осы байқау үшін арнайы жазылған «Арманыңнан қалма» әнін орындады. Ән авторлары - Хамит Шаңғалиев, Данияр Алдабергенов және Тимур Балымбетов.
І-орынды 2018 жылғыдай байқау өткен мемлекет - Польша өкілі алды. Виктория Габор Superhero әнін поляк және ағылшын тілдерінде шырқады.
Ержан Максим Ресейдің "Бірінші арна" телеарнасынан берілетін "Балалар дауысы" шоуына қатысып, танымал болды. Ең алдымен, бұл шоуда жеңімпаз ретінде ресейлік әнші Алсудың қызы Микелла Абрамованың аты аталды, ал ІІ-орын қазақстандыққа бұйырған. Бірақ кейінірек дауыс беру кезінде заңсыздық тіркелгені белгілі болды. Сондықтан кейінірек бағдарламаның "Арнайы шығарылымында" осы байқаудың барлық жеңімпаздарының аты аталған кезде Ержан Максимнің де аты жарияланды.
Қазақстан алғаш рет Junior Eurovision байқауына былтыр, 2018 жылы қатысты. Минскіде (Беларусь) өткен байқауға 12 жасар әнші Данелия Төлешова қатысып, "Өзіңе сен" әнін орындады. Ол VI-орынға ие болды. Ол кезде де І-орынды "Мен кім болғым келеді" әнін орындаған польшалық Роксанна Венгель жеңіп алды.