Алматы әкімі ең үздік әлеуметтік жоба иегерлерін марапаттады

Алматы ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2019 20:42 Алматы ТВ
Барлық жеңімпаздарға 1 млн теңгеден ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Урбан конференция барысында үздік әлеуметтік жобалардын марапаттады. Бес номинация бойынша үш жоба иегері жеңімпаз де танылды, деп хабарлайды zakon.kz Almaty телеарнасына сілтеме жасап.

Солардың бірі - латын графикасы арқылы қазақ тілін үйренуге арналған Soyleu жобасы. Авторы – Артем Соколов.

Сонымен қатар, істен шыққан компьютерлерді қайта жасақтап, жағдайы төмен отбасыларға тегін үлестіріп жүрген Равиль Насифулин де үздіктер қатарында. Ол 300-ге жуық жанұяға өз қалтасынан компьютер құрастырып сыйлаған.

Ал, үшінші жеңімпаз - "Бақытты отбасы" жобасымен Зульфия Байсақова. Ол – көпбалалы отбасыларға барынша көмек көрсетіп жүрген жан.

Барлық жеңімпаздарға 1 млн теңгеден ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: