Жаңалықтар тізбегі
0

Мейрамбек Беспаевқа жұрт ренжіп жатыр

Инстаграм, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2020 22:40 Инстаграм
Әлеуметтік желіде ол ел арасына іріткі түскен жұрты жайында ләм-мим деп тіс жармапты.

Әлеуметтік желіде белсенді, бүгіндері қиын жағдайға тап болған Жамбыл облысының тумасы - Мейрамбек Беспаевқа біраз адам ренжіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Cебебі әлеуметтік желіде ол ел арасына іріткі түскен жұрты жайында ләм-мим деп тіс жармапты. Оның орнына өзінің досы әрі әріптесі Ринат Гайсинді туған күнімен құттықтап, жазба жариялаған. Сөйтіп екеуінің Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйі маңында түскен суретін де жүктеген екен. Осы жазбасы астына пікір қалдырғандар әншінің бұл қамсыз күйі таң қалдырыпты. Бір-екеуін сол күйінде бере кетелік.

"Халықты неге баспайсың, ашуы бұрқырап тұрған. Қайғысына неге көңіл айтпайсың, ашулысына сабыр неге айтпайсың. Жылап жатқан Қазаққа неге жұбату айтпайсың. Халықтың Мейрамбегі едің ғой. Досыңды құттықтамас бұрын еліңе бір ауыз сөз неге арнамадың, әкімнің кеңесші мырзасы", деп жазған желіні қолданушылардың бірі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

@gaissin туған күніңмен бауырым! Аман бол!✊

Публикация от ???????????????????????????????????? ???????????????????????????? (@m_besbaev)

nazira0177
"Қордайға бармағансыз ба? Туған жеріңізде не болып жатқанынан хабарыңыз жоқ-ау шамасы, отырысыңыз жайлы, тіпті ((

ali.zh89
@bayrzhan80 өте дұрыс айттыңыз, қазіргі кезде солай боп тұр. Инстаграмда шулататын батырлар қайда екен. Бір-бірін Қазақ батыры дейтіндер. Олардың уайымы өз қамдары шығар...

Айта кетсек, 7 ақпанда Жамбыл облысы Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болып, оның видеосы желіде жаппай тарай бастады. Президент бұл жайтқа байланысты сол күні мәлімдеме жасады.

8 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында өткен арнайы баспасөз мәслихатында бұл оқиға жайлы баяндалды. 7 қаңтарда кешкі сағат 19.00 шамасында Қордай ауданы маңында 70-ге жуық жігіт жиналып, топ болып төбелескен. Төбелес салдарынан 10 адам қайтыс болды, 40-тан аса адам адам жарақат алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жаппай тәртіпсіздік салдарынан 30-дан астам жеке үй, 15 сауда нысаны және 23 автокөлік бүлінген. 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшы мылтығы тәркіленді. Осы қайғылы оқиғада мерт болған адамдардың туған-туыстарына Қазақстан Президенті қайғырып көңіл айтты әрі осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, объективті бағасын беру үшін үкіметтік комиссия құрып, бірқатар тапсырма беріп, Жамбыл облысына аттандырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: