Жаңалықтар тізбегі
0

Катонқарағайда Дидахмет Әшімханұлын еске алу кеші өтті

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2020 20:46 altaynews.kz
Тағылымды кеш соңында Дидахмет Әшімханұылының 70 жылдығына орайластырылған аудан көлемінде өткен публицистикалық байқаудың қорытындысы жарияланды.

Катонқарағайда қаламгер Дидахмет Әшімханұлының 70 жылдығына орай, аудан әкімдігінің мұрындық болуымен "Ұлттың рухты жыршысы" атты еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Алтай жаңалықтары.

Айта кетсек, 10 маусым жазушы, журналист Дидахмет Әшімханұлының туған күні.

Шараға жазушының туған-туыстары, балалары, әдебиеттегі және өмірдегі көзкөрген достары, мектепте бірге оқыған сыныптастары, тәлім берген ұстаздары келіп қатысып, қабырғалы жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында әдемі әңгіме өрбітті, естеліктерімен бөлісті, мазмұнды шараның өтуіне атсалысқан жандарға алғыстарын білдірді. Жергілікті мектеп ұжымдары мен оқушылары жазушы ағамыздың тырнақалды өлеңдерін, өздері дайындаған арнауларын оқыды. "Қазақстан" ұлттық арнасы дайындаған жазушы туралы "Ізгілік ізі" деректі фильмінен үзінді көрсетілді.

Тағылымды кеш соңында Дидахмет Әшімханұылының 70 жылдығына орайластырылған аудан көлемінде өткен публицистикалық байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарға жазушының ұлы Дәулет Әшімхан, жерлес қаламгерлер Әлібек Қаңтарбаев, Жәнібек Қызыр ағаларымыз өз қолдарынан марапаттарын табыс етті.

- Ұлт мүддесін талмай жырлап өткен қазақтың арда ұлдарының бірі Дидахмет Әшімханұлының есімі туған елі барда, қазақ барда еш өшпейді. Оған мен бүгін тағы да куә болдым. Оның артында қалдарған бай шығармашылық мұрасы әлі талай буын ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз, - деді сөзінде жазушының ұлы Дәулет Әшімхан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: