Данэля Төлешова America’s Got Talent байқауының ІІІ-кезеңіне өтті

Instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2020 18:40 Instagram
Байқаудың ІІ-туры онлайн-форматта өткен.

America's Got Talent шоуының қазылар алқасы "жасыл" тетікті басып, Данелия Төлешованы үшінші кезеңге автоматты түрде өткізді, деп хабарлайды zakon.kz

Қазақстандық әнші атақты жобаның үшінші кезеңіне ән салмай-ақ өтіп кетті.

Пандемияға және жобаға қатысушылардың әлемнің түкпір-түкпіріненболуына байланысты ІІ-тур онлайн режимде өтті. Жобада Данелия мен басқа да үздік өнерпаздардың талантына шек келтірілмегендіктен, олардан ІІ-турда өнер көрсету талап етілмеді.

Қазір ол ІІІ-турға дайындалып жатыр, бірақ оның қашан болатындығы және қандай форматта өтетіндігі, әзірге әлі белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының соңында қазақстандық әнші Данелия Төлешованың America's Got Talent шоуының І-турында өнер көрсетіп, видеосы желіде жарияланды. Ол кезде көрермендер де, қазылар алқасы да жас жұлдыздың дарынына тәнті болып, зор қошемет көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: