Жаңалықтар тізбегі
0

"Жібек" спектаклі Оңтүстік Кореядағы атақты фестивалға жолдама алды

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2020 20:39 astana.gov.kz
Жыл сайын Тэгу қаласында өтетін бұл шара Нью-Йорк музыкалық фестивалінен (NYMF) кейін театр сүйер қауым үшін ең маңызды мәдени оқиға.

"Жібек" спектаклі Оңтүстік Кореядағы беделді Daegu International Musical Festival (DIMF) ұсынылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, қойылым 26-27 қазан аралығында фестивальды YouTube арнасынан тамашалауға болады.

"Жыл сайын Тэгу қаласында өтетін бұл шара Нью-Йорк музыкалық фестивалінен (NYMF) кейін театр сүйер қауым үшін ең маңызды мәдени оқиға. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен үздік мюзиклдерді таңдап, корей көрермендеріне таныстырады. Фестиваль бағдарламасында «Жібек» спектаклінен басқа, 8 елдің мюзиклдері болды", – делінген мәдениет басқармасының хабарламасында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2020 20:39

Ғабит Мүсіреповтің (композиторы - Е.Брусиловский) "Жібек" мюзиклі мәңгілік махаббаттың қайғылы оқиғасы туралы баяндайтын қазақтың осы аттас эпопеясына негізделген. Қазақ халқының мәдениеті мен құндылықтарын бейнелейтін қойылымның режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. "Қыз Жібек" лирикалық шығармасының жаңартылған нұсқасы "Жастар" театрының репертуарындағы ең жарқындардың бірі және фестивальдар мен байқауларда бірнеше рет марапаттарға ие болды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2020 20:39

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: