Жаңалықтар тізбегі
0

Бақытбек Смағұлдың 3 томдық кітабы шықты

баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 21:55 баспасөз қызметі
Томдар Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен шықты.

Мәжіліс депутаты, Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы, Nur Otan партиясы Фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұлдың әсем безендірілген, қазақ және орыс тілдеріндегі 3 томдық шығармалары жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Томдар Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Сардар" баспа үйінде басылып шықты.

Іс-шараға кітаптардың бірінің басты кейіпкерлері – Ауған соғысының ардагерлері Байғали Қоқымбаев, Әлімжан Ерниязов, Габиль Халафов қатысып, сөз сөйледі.

Бақытбек Смағұл шығармаларының барлық үш томы да ұлттық рухтың ұстыны – батырларға арналған.

Шығармалар жинағының І-ші томы – Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына қатысты зерттеулер.

ІІ-ші томда автор Борис Керімбаев (12.01.1948–12.02.2019) туралы ой толғайды, сыр шертеді. Оның ерен ерліктеріне, еселі еңбектеріне тоқталып, батыр һәм батыл бейнесінің асқақ мүсінін сомдайды. Автор отаншыл асқақ рух, мемлекетшіл биік сана, соғыс пен бейбітшілік жайында өз пайымдарын ортаға салады.

ІІІ-ші томдағы естеліктер "Үш қырлы жебе" деген ортақ атаумен біріктіріліп отыр: онда Бақытбек Смағұл Ауған соғысының үш алыбы, атап айтқанда, Байғали Қоқымбаев, Әлімжан Ерниязов, Габиль Халафов сияқты от пен суды бірге кешкен қарулас достары, өзі көрген соғыстың үлкен мектебінен өткен, қан майданның қатал тезінде сыналған үш арыстың былайғы жұртшылық біле бермейтін, бірақ Ауған соғысында аңызға айналған ерен ерліктерін суреттейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: