"Орел и решка" Қазақстанға келіп, қыруар пайда тауып кетті деген сөз рас па?
Әлеуметтік желіде "Орел и решка" атты саяхат туралы танымал телебағдарлама жүргізушілері екі рет Қазақстанға келіп, ел өңірін ақшаға түсіргені жайлы дақпырт ақпарат пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Орел и решка" телешоуы Қазақстанға Kazakh Tourism компаниясының ұсынысы бойынша келді және олардың есеп қағазына қарағанда, ол үшін талай ақша жұмсалған. Туризм комитетінің сайтында: "Орел и решка" телешоуының екі сериясын түсіру" "Алматы және Маңғыстау облыстарында" - Қазақстан туралы әлем кереметтері". 2020 жылға арналған шығыс есебінде егжей-тегжейлі цифр жоқ, бірақ осы жобаны жүзеге асыру мен цифрландырудың жалпы құны - 893 миллион теңге немесе 2 миллион доллардан асады деп көрсетілген, - деп хабарлайды "PROTENGE" Телеграмм-арнасы.
"Kazakh Tourism" АҚ бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Kazakh Tourism" баспасөз хатшысы Ернұр Кенжебековтың айтуынша, бұл телебағдарламаны түсіру үшін олардың тарапынан әкімшілік, ұйымдастырушылық қолдау көрсетілген, бірақ ақшалай емес.
"Орел и решка" шығарылымдары өз қаражаттарына түсірілді.
Жоғарыда аталған 800 миллион теңгеден астам сомаға келетін болсақ, Кенжебеков бұл компанияның бүкіл жыл ішіндегі жұмысының жалпы сомасы, оған түрлі іс-шаралар, жарнамалық шаралар, зерттеулер және т.б кіретінін айтады.