Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ежелгі қорған үстінен аурухана тұрғызылып жатыр деген рас па?

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2020 15:45 видеодан алынды
Медициналық мекеме 25 сәуірде толықтай қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Алматыда салынып жатқан модульді инфекциялық аурухананың құрылыс жұмыстарының жартысынан көбі аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың құрылыс жұмыстарын аралау барысында белгілі болды. 280 орынға шақталған медициналық нысан қашан қолданысқа беріледі? Аурухана ежелгі қорған үстіне тұрғызылып жатыр деген ақпарат қаншалықты рас?

Алматы маңында құрылысы жүріп жатқан модульді аурухана ежелгі қорғанның үстіне салынып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жайында арнамызға берген сұқбатында археология институтының маманы айтты. Құрылыс алаңын зерттеуге тартылған ғалымдар, әуелі маңайды тыңғылықты тексеріп шыққан.

"Аурухананың аумағы толық қоршалады. Машиналардың кіріп кетпеуі және құрылыс жұмыстары жүрмес үшін қоршалады. Қорғандардың қорғау аймағы бөлек болады. Міне, осы мәселені қала әкімдікпен бірлесіп шештік. Сондықтан қорғандардың бұзылып кетпеуіне ешқандай қауіп жоқ", – деді Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері Арнабай НҰРЖАНОВ.

Құрылыс аймағына зерттеу жұмыстарын ғалымдар мен қалалық әкімдіктің арнайы басқарма өкілдері бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Бүгін Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров құрылыс жұмыстарымен жіті танысты.

"Нысан мен қорғандар арасындағы қашықтық 150 метрден асады. Ал, қорғанның қорғалатын аумағы 50 метр. Сондықтан барлық талаптар орындалған. Аурухана құрылыс ешқандай қорғандарға зиян тигізбейді", – деді қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан АХМЕТЖАНОВ.

24 сағат тоқтаусыз жүріп жатқан аурухана құрылысының негізгі жұмыстары аяқталған. 280 орынға шақталған нысанда 28 реанимация төсек орын және 8 клиникалық бөлім болмақ. Палаталар 3 және 1 орындық. Сондай-ақ, медицина мамандарының қауіпсіздігі үшін арнайы таза кабинет те қарастырылған.

"Қабылдау бөлімі 5 бокстан тұрады. Және сырттан келетіндерге жеке-жеке кіреберіс орнатылған. Яғни, әр бокстың сыртқы есігі бар. Сондай-ақ, қабылдау бөлімінде зерхана мен рентген кабинеті де қарастырылған. Себебі кез келген науқасты бірден сол жерде диагностикадан өткізеді. Сонымен қатар, әкімшілік ғимарт та бар", – деді қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мағаз МҰҚАШЕВ.

Модульді аурухананың қолдану мерзімі - 10 жыл. Ол, Алматыда эпидемия аяқталғанға дейін тұрады. Қазіргі уақытта онда қызмет ететін медицина мамандары да жасақталып жатыр. Олардың қорғаныс құралдары алдын-ала дайындалды. Нысанның ең басты ерекшелігі әр палатаның өзіндік желдеткіш жүйесі бар.

"Бұл инфроструктуралық нысан болғандықтан, біз құрылыс жұмыстары кезінде де, аяқталғаннан кейін де аумақтың барлығын қоршап және тазалап береміз. Айта кетер жәйт, әр палатада жеке-жеке желдеткіш жүйесі орнатылған. Яғни, бір палатадан шыққан ауа екінші палата түспейді. Ал, қазіргі жағдай әр адам өз көмегін тигізуі керек. Осы орайда біздің компания ешқандай пайда таппайды", – деді BI GROUP Almaty құрылыс компаниясының бас директоры Айдос МҰҚАТАЕВ.

Құрылыс жұмыстары барлық талаптарға сай болу үшін, маңызды нысанды салуға қаланың басқа да басқармалары тартылған.

"Біздің негізгі міндетіміз – құрылыс жұмыстарының сапасын және уақытында берілуін қадағалау. Қазіргі уақытта барлық модульдер құрастырылды. Енді желдету, электр жүйелері мен инжинерлік желілерін монтаждау жұмыстары ғана қалды. Жұмыстың жартысынан көбі аяқталды деуге болады", – деді қалалық Жайлы орта басқармасының басшысы Қуандық АЙТМАҒАНБЕТОВ.

Өз кезегінде құрылыс жұмыстарының сапалы әрі барлық талаптарға сай болуы қала басшылығының қатаң бақылауында. Медициналық мекеме 25 сәуірде толықтай қолданысқа беріледі деп күтілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: