Марқұм тележурналист Бейсен Құранбектің әжесі де өмірден озды
Facebook
Апа үшін Бейсені командировкада жүр еді...
Марқұм белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің әжесі де өмірден озды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қайғылы хабар Бейсен Құранбектің әріптес-досы Серік Әбікенұлының Facebook-тегі парақшасында хабарланды.
"Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап,"«Апа-ау, ақынның баласы келді!" – десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр... Ертең сағат 10.00-де, Қызылжар ауылында жаназасы шығарылады. Иманды болыңыз, апа!", – делінген журналистің жазбасында.
2020 жыл, өкінішке қарай, Құранбектер әулеті үшін өте ауыр болды. Алдымен көптің көзайымы, талантты журналист Бейсен Құранбек дүние салды, марқұмның қырқы болатын күні анасы, ал қыркүйек айында әкесі қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript