Шымкенттің "аңыз адамы" дүниеден озды
Youtube
Шымкенттегі Әкімшілік іскерлік орталығы, Наурыз саябағы, Бадам өзенін абаттандыру – Бақытжан Әшірбаевтың ауқымды жобаларының аз ғана бөлігі.
Талантты сәулетші, өмірін қала құрылысы мен архитектураға арнаған Бақытжан Әшірбаев 68-ге келген шағында дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Әшірбаевтың қазасы бүкіл Шымкент үшін ауыр, орны толмас қайғыға айналды деуге болады. Ол жұртшылық үшін "Шымкенттегі аңыз адам" деген атқа ие еді", деп жазады otyrar.kz.
Айта кетсек, Шымкенттегі Әкімшілік іскерлік орталығы, Наурыз саябағы, Бадам өзенін абаттандыру – Бақытжан Әшірбаевтың ауқымды жобаларының аз ғана бөлігі. 1981-1999 жылдар аралығында Шымкенттің бас сәулетшісі болған. 1999-2005 жылдар аралығында "Түркістанның 1500 жылдық мерейтойын өткізу мен дайындығы бойынша дирекцияны" басқарған. Осы еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық алған. Ол бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының бас сәулетшісі, өңір әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. Фото, кино түсірумен де айналысқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript