Жаңалықтар тізбегі
0

Самал Еслямова ресейлік киноакадемияның Ника сыйлығына ие болды

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2021 17:14 liter.kz
Әрине, ең мықты әйел образы үшін.

Қазақстандық актриса Самал Еслямова қоржыны кезекті марапатпен толықты. 2018 жылғы Канн кинофестиваліндегі ең мықты әйел рөлі номинациясында басты жүлдені еншілеген отандық актрисаға енді Ника сыйлығы да бұйырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Еслямова басты рөлде ойнаған "Айка" фильмі әлі де марапаттарға ие болуда. Бұл жолы ресейлік киноакадемияның Ника сыйлығын ұтып алды. Әрине, ең мықты әйел образы үшін.

"Мен Мәскеуге бара алмадым. Мен үшін сыйлықты фильмнің екінші режиссері, актер Вячеслав Агашкин алды. Слава болмаса, бұл фильм сәл өзгеше болар ма еді?.. Ол жүгіріп жүріп, түсірілім орындарын, артистерді өзі тапқан өте еңбекқор адам. Мен тағы бір рет "Айка" фильміндегі барлық әріптестеріме рахмет айтқым келеді, - деп атап өтті Самал Еслямова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Самал Еслямова (@samal_yeslyamova)

"Айка" - режиссер Сергей Дворцевтің 2018 жылы тжарық көрген драмалық фильмі. Бұл фильм 2018 жылы мамырда 71-ші Канн кинофестивалінің басты байқау додасына ұсынылып, онда Самал Еслямова "Үздік әйел рөлі" номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.

10 қарашада басты рөлде қазақстандық актриса Самал Еслямова ойнаған "Айка" фильмі Котбусте (Германия) өткен 28-ші Халықаралық кинофестивалдің Гран-при иегері атанды. Бас жүлдеге 40 елден 190 кинокартина өзара бәсекеге түсті. Гран-приден басқа "Айка" фильмі қазылар алқасының жүлдесімен де марапатталды.

26 қараша 2018 жылы "Айка" Токио кинофестивалінде Filmex кино фестивалінің Гран-приін жеңіп алды.

2018 жылдың 17 желтоқсанында Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі "Үздік шет тіліндегі фильм" номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығы тізіміне енген. Ол кезде фильм Қазақстан атынан ұсынылған [5], бірақ, режиссердің айтуы бойынша, промоушенге ақша жетпей қалғандықтан, ол номинанттардың қатарына ілінбеген.

Бұл кино Ресейде 2019 жылдың 14 ақпанында прокатқа шықты.

2019 жылдың наурыз айында Гонконгта Asian Film Awards академиясы Самал Еслямоваға "Айка" фильміндегі рөлі үшін "Азияның ең мықты актрисасы" жүлдесін берді. Бұл жүлдені "Азияның Оскары" деп те атайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: