Жаңалықтар тізбегі
0

Дулат Исабековтың шығармалар жинағы швед тілінде жарық көрді

adebiportal.kz - иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2021 21:47 adebiportal.kz - иллюстрация үшін алынды
Драматургтың пьесаларына еуропалық театрлар қызығып отыр.

Жазушы, драматург Дулат Исабековтың шығармалар жинағы швед тілінде жарық көрді, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Бұл – Альфред Нобельдің Отанында басылған алғашқы қазақ әдебиеті. Кітапқа автордың "Гауһартас", "Сүйекші", "Дермене", "Өкпек жолаушы", "Біз соғысты көрген жоқпыз" атты бес повесі және бірнеше әңгімесі енген. Жинақты швед академигі, Нобель сыйлығының лауреаты Бенгт Самуэльсон аударған. Швециялық сыншылардың жоғары бағасын алған туынды 1000 данамен басылды.

Драматургтың пьесаларына еуропалық театрлар қызығып отыр. "Бөрте" пьесасын Вена, Цюрих, Брюссель театрлары сахналауға дайындықты бастап кетіпті. Ал күні кеше Дулат Исабеков шығармасының желісімен түсірілген "Балуан Шолақ" фильмі үшінші Еуразия кинофестивалінде арнайы дипломмен марапатталды.

Дулат Исабеков, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері:

- 28 маусымда Балуан Шолақты кинофестивальде көрсеткенде оған да режиссерлер бара алмады, өздері көрсетті, өздері бағалады. Сөйтіп, олар "Көрерменнің көзайымы" деген бар ғой, бұл өте жоғары нәрсе, анау бірінші, екінші орындарды әртүрлі жолдармен алып кетуі мүмкін. Ал, «Көрерменнің көзайымы» деген ол көрерменге ұнаған деген сөз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: