Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысы әкімі мектептер мен колледждердің қоғамдық рейтингін енгізуді тапсырды

Қарағанды облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2021 18:43 Қарағанды облысы әкімдігі
Мұндағы мақсат - блім беру қызметтерінің сапасын арттыру.

Балабақшалар мен бөбекжайларды, үйірмелер мен секцияларды қолжетімді ету, инклюзивті оқытуды дамыту – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тамыз кеңесінде онлайн режимінде алдағы оқу жылына міндеттер қойды.

Өңір басшысы тоғыз негізгі бағытты атап өтті, деп хабарлайды Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бірден алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 84-тен 86,5%-ға дейін ұлғайту қажет. Жеке инвестицияларды көбірек тарту осы көрсеткішке қол жеткізуге көмектеседі.

Білім беру қызметтерінің сапасын арттыру үшін облыс әкімі жыл соңына дейін мектептер мен колледждердің қоғамдық рейтингін енгізуді тапсырды, делінген ресми хабарламада.

"Оқу мектебі" республикалық жобасы аясында 2022 жылдың соңына дейін барлық мектептер мен колледждердің кітапхана қорларын жаңарту талап етіледі.

Оқушыларды қосымша біліммен қамту 66,7-ден 86%-ға дейін ұлғайтылуы тиіс.

Барлық колледждерде WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихандарды енгізу қажет. Дуальді оқытуда студенттерді қамтуды 20%-дан кем емес деңгейге көтеру жоспары қойылған, - дейді облыстық әкімдіктегілер.

Жеңіс Қасымбек инклюзивті білім беруді, патронаттық тәрбиені, балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетуді дамыту бойынша міндеттер қойды.

Облыста педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады. Кадрлар тапшылығы мәселесін шешу үшін қалалар мен аудандарда мұғалімдерге қызметтік тұрғын үй беріледі.

Біз өткен оқу жылының қорытындысын шығарып, болашаққа қойылған міндеттерді анықтадық. Оларды табысты іске асыру педагогикалық ұжымдар мен барлық мүдделі құрылымдардың күш-жігерін біріктірген кезде ғана мүмкін болады, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: