Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қоғамдық кеңестердің бірыңғай порталы іске қосылады

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2021 21:45 pxhere.com
Бұл портал жақын арада өз жұмысын бастайды.

Қоғамдық кеңестер қызметін дамыту үшін ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі арнайы сайт жасады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Орталық директорының айтуынша, қазір қоғамдық кеңестердің едәуір бөлігінің "белгілі бір дәрежеде аса белсенділік танытпайтыны" байқалады. Бұл, бәлкім, бір жағынан, қоғамдық кеңес мүшелерінің әрекетсіздігіне қатысты болуы мүмкін. Екінші жағынан, олардың қызметі туралы ақпарат жеткіліксіз.

Осы тұрғыда біз заңнамада қарастырылғандай, барлық қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ақпарат беретін бірыңғай алаң ретінде АҚДМ-ның kazkenes.kz бірыңғай порталын құру туралы бастамасын құптаймыз, - деді Ошакбаев.

Оның айтуынша, бұл портал жақын арада өз жұмысын бастайды.

Бұл кең жұртшылыққа, ең алдымен журналистер қауымына әртүрлі деңгейде қаралатын мәселелердің жиналыстағы хаттамасына қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Жұртшылық та, бұқаралық ақпарат құралдары да пайдалана бастауы және порталдың маңызды және сенімді ақпарат көзіне айналуы үшін біраз уақыт қажет, - деп атап өтті спикер.

Ол бұл порталдың мазмұны қоғамдық кеңестер хатшыларының, қоғамдық кеңестер мүшелерінің белсенділігіне байланысты болатынын қоса айтты.

Оның көзқарасынша, бұл институттың дамуының келесі кезеңінде бүкіл республиканы қамтитын, кемінде жыл сайын немесе тоқсан сайын үлкен кездесулер, тренингтер өткізу маңызды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: