Астанадағы ЛРТ қашан іске қосылады
Фото: primeminister.kz
Астанада 2026 жылдың басында ЛРТ өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бағдарламаның міндеттерінің бірі – қоғамдық көлікті пайдаланудың үлесін 71%-ға дейін арттыру.Бұл қарбалас уақытта қозғалыс жылдамдығын ұлғайту, жайлылықты арттыру және қолжетімділікті жақсарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
"Биыл 50 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы да 50 көше жөнделеді", — деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Қала басшысы ЛРТ құрылысы бойынша жұмыстар айтарлықтай жеделдетілгенін атап өтті. Эстакада бөлігінің құрылысы аяқталды.
"Келесі жылы жаздың ортасына дейін станциялардың құрылысы бітеді. Сондай-ақ келесі жылдың күздің ортасына дейін пойыздар келеді деп жоспарлануда. 2026 жылдың басында ЛРТ жұмысын бастайды", — деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.
Бұған дейін Алматыда 2025 жылы екі жаңа BRT желісі салынатындығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript