Жаңалықтар тізбегі
0

Мұрат Насыровтың әйелі мен балалары қазір қайда

Legion-Media, instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 21:13 Legion-Media, instagram
Жұмбақ жағдайда қаза тапқан әнші Мұрат Насыровтың балалары жайлы не білеміз?

Әндері тек Қазақстанға ғана емес, Ресей мен ТМД елдерінде танымал болған әнші-музыкант Мұрат Насыровтың ортамыздан кеткеніне 14 жылдың жүзі болды. Дегенмен оның өміршең әндерін тыңдарман қауым әлі есінен шығарған жоқ. "Я это ты", "Мальчик хочет в Тамбов", "Кто-то простит" сынды хит әндері ел жүрегінде, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұрат Насыров 1969 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі ұйғыр ұлтының азаматы, ол халық әндерін жатқа айтқан, әрі ұйғыр халқының ұлттық аспаптарында шебер ойнайтын өнерлі азамат болған деседі. Мұрат бала кезінде-ақ гитара ойнауды меңгеріп, есейген шағында Мәскеудегі Гнесин атындағы училищеде вокал мектебінде оқиды. 1990 жылдары "Ялта" музыкалық байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алады. Байқауда қазылар алқасының құрамында Ресейдің сол уақыттағы танымал әншілері Игорь Крутой, Лайма Вайкуле, Игорь Корнелюк болған.

Насыровты жарты әлемге танымал еткен әндердің бірі - "Мальчик хочет в Тамбов" хиті. Ресейліктермен қатар қазақстандықтар да осы әнді жатқа айтып, ырғағымен талай кештердің ажарын ашқаны жасырын емес. Мұраттың ерекшелігі – ол "өнерді өмірім деп санауында" еді. Себебі ән, өнер, сахнасыз ол өз өмірін елестете алмайтын. Сондықтан да өзінің жұмысын асқан жауапкершілікпен істейтін, әндерін жанды дауыста айтатын еді.

Мұраттың өмірден өткенін жанкүйерлері ауыр қабылдады. Себебі оның өлімі жайлы қауесет сөздер көп тарады. 2007 жылы қаңтардың 19-нан 20-на қараған түні Мәскеуде Насыров 37 жасында жұмбақ жағдайда қаза тапты. Азаматтық некедегі әйелі Наталья Бойко мен әншінің директоры Александр Скурихин "телевизиялық антеннаны дұрыстамақ болғанда балконнан құлады" деген кездейсоққа сенгісі келмеді. Себебі ол түні әнші сахналық костюмде болғаны айтылады. Әрі ол балконда антенна жоқ екенін оқиға орнына бірінші келген әншінің досы Феликс Царикати растаған. Дегенмен әншінің діни сектаға кіргені, есірткі пайдаланатыны жайлы әңгімелер де жиі айтылып жүрді. Бұл туралы әйелі Наталья "Собеседник" басылымына былай деп жауап берген:

Мұрат аздап ішетін, темекі де шегетін. Бірақ ешқашан есірткі пайдаланған емес. Сараптама қорытындысы бойынша, қан құрамында психотропты зат табылған. Ол зат тыйым салынған заттар қатарында емес. Өздігінен адамға қауіпсіз болғанымен, алкогольмен бірге пайдалануға болмайтын көрінеді, - деп сұқбат берген Наталья.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 21:13

Мұрат пен Наталья студент кезде танысып, бас қосқан. Алайда заң жүзінде некеге тұрмаған. Біраз уақыттан соң, ғашықтар Лия есімді қыз бен Әкім атты ұлдың ата-анасы атанады. Насыровтың сүйікті жар, қамқор әке болғаны айтылады. Мұрат әнсапар кезінде балаларына жиі хабарласып, олардың жай-күйлерін сұрап отырады екен. Қызы Лия да әкесімен бірге өткен тәтті естеліктерді айтты.

Әкем жанымызда кезде әлем әсем нұрға боялатын. Бірге асыр салып, жүгіріп, үйді басымызға көтеретінбіз. Әкем пианинода ойнайтын, ал ініміз екеуіміз барабанмен ән салып, би билейтінбіз, дейді Лия.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 21:13

Мұрат Насыровтың артынан қалған балалары қазір үлкен азаматқа айналған. Қызы 25 жаста, ұлы 21-де. Лия бала кезінен гитарада ойнайды, музыкалық мектепте оқыған. Дегенмен өнер жолын емес, экономика саласын таңдаған. Ал Әкім әке жолын қуып, Гнесин атындағы Ресей музыкалық академиясында саксофонист мамандығын аяқтаған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 21:13

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 21:13

Наталья Бойко жары Мұрат қаза болған соң, балалардың тәрбиесіне көңіл бөліп, тұрмысқа шықпаған. Мұратпен бірге тұрған пәтердің еш жерін өзгертпей, сол күйі қалдырған. Үйдегі студияға Насыровты танып, біліс болған достарын шақырып, ән жазуға рұқсат береді. Ол жайлы жылы естеліктер айтып, шерін тарқатады. Себебі жарына деген сағынышты солай ғана баса алатындай көрінеді.

Дайана Тоқберген

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: