Жаңалықтар тізбегі
0

Прагада жанкүйерлер Димашты көлігінің төбесіне бір-ақ «қуып тықты»

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2022 09:55 Сурет: Instagram.com/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Прагаға концерт беру үшін ұшып келді. Әнші жанкүйерлерімен кездескен сәтінің суреттерін желіде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәлем, Чехия! Біз келдік, - деп жазды Димаш суреттерінің сипаттамасына.

Суретте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері көліктің төбесіне шығып алып отыр әрі қолтаңба беріп жатқаны көрінеді. Көлікті қоршаған жанкүйерлер қолында сыйлықтары мен гүлдері бар.

Мынау неткен керемет дүние! Мұндай бұған дейін болған емес!

Аман-есен жетіпсіңдер ғой! Концертіңе сәттілік, аншлаг болсын!

Қандай жаймашуақ кездесу! Жарайсың, ақыры өзіңе қолдары жетіпті! Концертке сәттілік тілейміз!

Олар сені көліктің төбесіне "қуып тықты-ау", деген де қалжың сипатындағы комментарийлер жазылыпты бұл сурет астына.

Осыдан бір апта бұрын әнші Дюссельдорфта болған еді. Ол кезде Чили, Аргентина, Германия, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Бразилия, Испания, Швеция, Канада, Нидерланды, Колумбия, Норвегия және тағы басқа да елдерден келген жанкүйерлер Димашты әуежайдан қаумалап күтіп алып, әртүрлі тілде сүйікті әншісін қуана қарсы алды.

Кейінірек Димаш желіде бүкіл концерт залымен бірге ән салған видеосын жариялады. Видеодан жанкүйерлер қазақша әндерді де жан-жүрегімен тебірене орындап, сүйікті әншісінің концертінен тамаша ләззат алғанын көруге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: