Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толуына орай коллекциялық монета әзірленді
![ҚР Ұлттық банкі, Батырхан Шүкенов, монета, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 10:33](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-a01ec745-4bc1-492d-a8a7-9c9046bf1f85/800x451.webp)
Street art. BATYR BEINESI жаңа монетасы заманауи өнер мен Батырхан Шүкеновті мәңгі есте қалдыру секілді бірден екі мағыналық желіні біріктіреді. Бұл – ҚҰБ-тың стрит-арт сияқты қазіргі заманғы жастар өнерін қолдауға арналған алғашқы коллаборациялық монета жобасы.Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Ұлттық банктің мәлімдеуінше, монетаның дизайнында Қазақстан стрит-артының ең жарқын жұмыстарының бірі — REPAS командасының «Батыр бейнесі» граффитиі бейнеленген. Авторлардың бастамасы бойынша оны монетаның дизайнында пайдалану құқығы ҚҰБ-қа өтеусіз негізде берілді.
Монеталар proof сапамен күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана.
Күмістен жасалған монеталар кәдесый орамында мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификатымен шығарылады.
![ҚР Ұлттық банкі, Батырхан Шүкенов, монета, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 10:33](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-9446372e-3f7c-4f9e-a9b3-9790dfd185af/800x451.webp)
Сурет: ҚР Ұлттық банкі
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты қосымша ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында жарияланады.