Барак Обама "Эмми" сыйлығын иеленді
АҚШ-тың 44-ші президенті "көркем әңгімелеуші" номинациясын жеңіп алды, оған баскетболшы Кәрім Абдул-Джаббар, актриса Лупита Нионго, әзілкеш Уолтер Камау Белл, тележүргізуші Дэвид Аттенборо бәсекелес болды, делінген академия сайтында.
Академияның хабарламасында атап өтілгендей, экс-президент "Ғажайыптар әлемі" (a World of Wonder) атты бірінші сериясында баяндаушы ретінде тартылып, осы еңбегі үшін марапатқа ие болды.
"Біздің Ұлы Ұлттық парктеріміз" – Чили, Кения, АҚШ және Индонезияда түсірілген бес сериядан тұратын Netflix туындысы. Netflix-тің ресми сайтында атап көрсетілгендей, "бұрынғы президент Барак Обаманың айтуынша, бұл керемет деректі серия Жер шарының ең керемет ұлттық парктерін суреттеп, мағлұмат береді.
"Эмми" сыйлығын табыстау рәсімі негізгі номинациялар бойынша 12 қыркүйекте өтеді. Марапаттар ең жақсы комедиялық, драмалық және мини-сериалдар, бірінші және екінші қатардағы ер адамдар мен әйелдерді сомадаған актерлердің үздік шеберлігі, сонымен қатар ең жақсы режиссура мен сценарийлер үшін беріледі.