Жаңалықтар тізбегі
0

3 млн теңге Қазіретке бұйырды! Алматыда қала күніне орай айтыс өтті

Ұлттық өнер, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 15:47 Сурет: Zakon.kz
Жекпе-жек айтыста Қазірет Бердіхан басым түсіп, 3 миллион теңгені қанжығалады. Аспанбек Шұғатаев 1,5 миллион теңге еншіледі, ал Мұрадым Мирланов пен Айшолпан Тілеутайға 1 миллион теңгеден бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы күніне орай Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен және айтыскер ақын Ринат Зайытовтың басшылығындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен «Алатау» театрында жекпе-жек айтыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтысқа келген игі-жақсыларға, қазылық еткен Серік Қалиев, Бақыт Беделхан, Мақсат Ақанов ағаларға рахмет! Осы шараның негізгі ұйытқысы Ринат ағамызға,«Алатау» дәстүрлі өнер тетарының ұжымына, осы бастаманы қолдап, тіпті анасымен бірге айтысқа келген қала әкімі Ерболат Досаев мырзаға рахмет! Қала күні мерекесінде айтыс міндетті түрде болу керек деп табандылық танытқан ел азаматтары Арман Қырықбаев, Ғани Майлыбаев ағаларға рахмет! Ең үлкен алғысым әйгілі Аспанбек Шұғатаев құрдасыма! Екі сағат еркін жырлау үшін ойдан ой тудырып, сөзден сөз шығарып, арқаны қоздырып отырған бұл құрдасым болмаса мұндай айтыс боларма еді?! Жасай бер, құрдасым! Бас жүлде иегері Қазірет Бердіхан

Айтысқа қала әкімі Ерболат Досаев анасымен барды. Сондай-ақ Асанәлі Әшімов, Нұрғали Нүсіпжанов, Тұңғышбай Жаманқұлов сияқты өнер саңлақтары да тамашалады. Қазылар алқасының құрамында Серік Қалиев, Бақыт Беделхан және Мақсат Ақанов болды. Айтыс тізгінін Ринат Зайытов ұстады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: