Қазақстанның танымал туристік орындарында 490-нан астам дәретхана жетіспейді
Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрлігі мамандары Қазақстанның туристік дестинациялары мен гранд-турларындағы инфрақұрылымның жай-күйіне зерттеу жүргізді. Олар аталған территорияларда 493 дәретхана орнату қажет деген қорытындыға келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анықталған кемшіліктерді жою үшін зерттеу нәтижелері мен қосымша ұсыныстар әкімдіктер мен бейінді мемлекеттік органдарға жіберілді.
Атап айтқанда, 493 дәретхана мен қоқыс контейнерлерін орнату, интернет пен ұялы байланыс сапасын арттыру, туристік базаларға дейін ішкі жолдарды салу қажет.
Сонымен қатар мамандар вокзалдарды, жанармай құю станцияларын, тамақтану пункттерін және басқа да нысандарды тексерді.
Жергілікті атқарушы органдар "жұмсақ" инфрақұрылымды жақсарту, коммуникациялар жүргізу және дәретханалар салу бойынша жұмысты жандандыруы тиіс.
Айта кетейік, санитарлық-гигиеналық тораптарды таза ұстау үшін мемлекет ай сайын 83 мың теңге көлемінде субсидия беруге дайын. Әкімдіктер жіберген ақпаратқа сәйкес, жергілікті кәсіпкерлер тарапынан бұл механизм бойынша 11 өтінім мақұлданған. Оның үшеуі Ақмола облысынан, екеуі ШҚО және Абай облыстарынан, төртеуі Жамбыл және Қарағанды облыстарынан, тағы екеуі Қостанай облысынан.ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript