Жаңалықтар тізбегі
0

Филипп Киркоров Астанада өткен концертінде қазақша сөйлеп, көрерменін қуантты

Ресей эстардасы, Ресей әншісі, Ресей азаматы, Филипп Киркоров, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2022 17:12 Сурет: Instagram/fkirkorov
Биыл елуге толған Ресей эстарда әншісі Филипп Киркоров мерейтойы аясында өтіп жатқан әлемдік турмен Қазақстанға келді. Әлеуметтік желіде 5 қараша күні Астанада өткен концертінде әнші сөзін қазашқа бастап, көрерменнің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана, сәлем! Кеш жарық, қадірлі көрермен! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын, – деп ресейлік әнші алдымен көрерменмен қазақша амандасып алды.

Әнші қанша жылдан бері келіп жүрген елдің тілінде қатты сөйлегісі келгенін айтты. Сол үшін қазақша бірнеше сөз жаттап алыпты. "Мекепті "алтын медальға" бітіргенім бар. Соны кәдеге жаратуым керек қой. Бұл ойым іске асты" деген әнші әрі қарай қазақша сөйлей жөнелді.

Осындай керемет залда сіздермен бірге болу – маған үлкен мәртеде. Сіздердің алдыңызда өлең айту – мен үшін үлкен бақыт. Менің елу жылдық мерейтойыма арналған әлемдік тур Астанада жалғасып жатқанына қуаныштымын, – деді Ресейдің эстрада жұлдызы.

Залдағы халықтың қошеметі қанаттандырды ма "мұнымен біткен жоқ" деген Филипп Киркоров қазақша әңгімесін ары қарай жалғай түсті.

Сіздердің қонақжай жеріңізде осы кеш естеріңізде қалу үшін мен бар күшімді саламын, – деді ол.

"Тегім болгар, жаным орыс бола тұра, сіздің туған тіліңізде сөйлеу – мен үшін зор мәртебе" деген әншінің ана тілімізге деген құрметіне көрермен қошеметпен алғысын білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: