СҚО-да Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығын тойлау басталып кетті
Сурет: СҚО әкімдігі
Ақан сері атындағы облыстық филармонияда белгілі жазушы, ақын, публицист, "Алаш" қозғалысы көшбасшыларының бірі Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған "Мен өлмеймін, менікі де өлмейді" республикалық мүшайраныңы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Конкурсқа 90-нан астам ақын қатысты, оның тоғызы Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.
Сурет: СҚО әкімдігі
Конкурстық
жұмыстарды мына құрамдағы әділқазылар алқасы бағалады: Қазақстан Жазушылар
одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет; ақын,
Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы бойынша қалалық филиалының төрағасы, Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, "Егемен Қазақстан" газетінің
Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, "Мәдениет қайраткері" төсбелгісі иегері Жақсыбай Самрат.
Сурет: СҚО әкімдігі
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерейтой аясында жыл ішінде "Алаштың алдаспаны" ақындар айтысы, "Мағжанның маржан жырлары" Мағжан оқулары және т.б. бірқатар айтулы шаралар өткізіледі.
Сурет: СҚО әкімдігі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript