Астанада алты жолақты үлкен көшеге Бейбарыс сұлтанның есімі берілді
Сурет: gov.kz
24 ақпанда Астанада Бейбарыс сұлтан атындағы көшенің ашылу салтанаты өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған салтанатты іс-шара тарихи тұлғаның 800 жылдығына орайластырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл күнге біз өте мұқият дайындалдық. Оның маңыздылығын ескере отырып, мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның астанасында көрнекті қолбасшының есімін мәңгілікке қалдыру туралы шешім қабылдады". Мәдениет және спорт министрі Асхат Орлов
Жан-жақты талдаудан кейін таңдау Сарыарқа ауданындағы №189 көшеге түсті. Бұл - ұзындығы 2 шақырымнан асатын алты жолақты көше.
"Осындай ауқымды іс-шаралармен біз Бейбарыс сұлтанның мерейтойын атап өтіп қана қоймай, біздің де, бүкіл түркі тарихы үшін де маңызды тұлғаға құрмет көрсетеміз. Оның тағылымды істерімен жас ұрпақты таныстырамыз. Бейбарыс сұлтан есімін халық жадында мәңгі сақтаймыз", - деп атап өтті министр.
Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған акциялар мұнымен бітпейді. Биыл Мәдениет және спорт министрлігі атаулы күнге орай бірқатар іс-шараларды жоспарлап отыр. Олар бүкіл елімізде және одан тыс жерлерде өтеді.
Айта кетсек, 800 жыл бұрын, ХІІІ ғасырда Бейбарыс тұтқындалып, Ежелгі Мысыр территориясына тап болады. Кейін ол сол елді бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткізіп, гүлдендірген қолбасшы-елбасшыға айналады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript