"Қазақтың атын әлемге танытсын дедік". Айнұр Тұрсынбаева немерелі болды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2023 16:27 Сурет: Instagram/aidyn_nury
Бүгіндері Түркияда тұрып жатқан айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немерелі болып, әже атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сүйінші хабармен Айнұр Тұрсынбаеваның өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Ал сүйінші! Кеше ғана үйленген Беклан мен Мәдинам бүгін ата-ана атанды! Толғақ 40 сағатқа созылды... Алланың шексіз мейірімімен бүгін таңғы сағат 4.25-те Әлем Бекланұлы дүниеге келді! Қазақтың атын әлемге танытатын мықты ұлдардың қатарында болсын дедік... Барлықтарыңызға жұғысты болсын", деп жазды ол.

Сондай-ақ ақын қуанышты күні тілек білдірген 5 адамға 10 мыңнан сыйлық болатынын да айтып, өз парақшасына жазылушылардың делебезін қоздырып қойды.

Айта кетсек, өткен жылы Айнұр Тұрсынбаева келін түсіріп, Түркияда дүркіретіп той өткізген болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: