Жаңалықтар тізбегі
0

Туристік топ-5 қала: Қазақстанның қай қаласына турист көп барды

Туристік топ-5 қала: Қазақстанның қай қаласына турист көп барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2023 09:51 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мәдениет және спорт министрлігі еліміздегі туристерге арналған, саяхаттап баруға болатын әрі биыл көп турист барған 5 қаланы ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1-орын. Алматы

Тау-шаңғы курорттары, сұлу табиғат, қолайлы климат пен қонақжайлылық. Осы және басқа да артықшылықтары бар Алматы еліміздегі бірегей туристік қала. Биыл алғашқы төрт айда оңтүстік мегаполиске 1 185 130 адам саяхаттап келген. Алматыға әсіресе шетелдік туристер жиі тоқтайды. Мәдениет және спорт министрлігі өңірдің туристік әлеуетін толық іске асыру мақсатында шетелдік туроператорлармен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

2023 жылдың алғашқы 4 айында (қаңтар-сәуір) Қазақстанда 3,5 млн адам ел ішінде саяхаттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% - ға артық. Мәдениет және спорт министрлігі ішкі туризмді ынталандыруға арналған бірнеше бағдарлама әзірлеп, іске қосты. Мысалы, Kids go Free бағдарламасы бойынша қазақстандықтар ел ішіндегі отбасылық демалысты тиімді жоспарлап, туроператорлардан туристік пакет сатып алғанда 30%-ға дейін қаражат үнемдей алады.

2-орын. Астана

Астана – әкімшілік-іскерлік орталық қана емес, туристер жиі таңдайтын басым бағыттардың бірі. 2023 жылдың алғашқы төрт айында ғана Астана 951 750 мейманды қабылдаған. Бүгінде Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елорда іргесінде еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей құрылысы жүріп жатыр. Бозоқ – бас қаланың туристік бойтұмары ретінде қонақтар міндетті түрде тамашалауға баратын орынға айналады.

3-орын. Шымкент

Қонақжайлығы бойынша ешкімге есе жібермейтін Шымкент туристер саны жағынан да көш басында. Қаңтар-сәуір аралығында шырайлы шаһарға 346 280 адам саяхаттап барған. Мұнда кез-келген турист көңілі қалаған демалысты таңдай алады. Киелі-тарихи орындарға саяхат, шипайжайдағы демалыс немесе қалада жиі ұйымдастырылатын спорттық, мәдени-бұқаралар іс-шараларға қатысуға болады.

4-орын. Атырау

Атырау да туристер саны бойынша үздіктер қатарында. 2023 жылдың алғашқы төрт айында қалаға 305 460 қонақ келген. Мамыр айында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өңірде «Сарайшық» визит-орталығы ашылды. Мұнда туристерге Қазақ хандығы, Алтын Орда және ежелгі дәуірдегі қалашық тарихымен танысуға барлық жағдай жасалған. Демек, жазғы маусымда Атырауға келушілер саны артады.

5-орын. Ақтау

Үздік бестікті қарт Каспийдің ақмаржаны – Ақтау аяқтайды. Биыл қаңтар-сәуір аралығында Ақтауға 220 660 қонақ келген. Ал жазғы маусымға қарай туристер тарапынан Маңғыстау облысының орталығына қызығу 20%-ға дейін артып отыр.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: