Жаңалықтар тізбегі
0

"Әлемді аузына қаратты: Димаштың малайзиялық жанкүйерлерінің әрекеті жұртты сүйсіндірді

"Әлемді аузына қаратты: Димаштың малайзиялық жанкүйерлерінің әрекеті жұртты сүйсіндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 13:32 Сурет: Zakon.kz
Димаш Құдайберген Малайзияға барды. Әнші онда концерт бермек. Сүйікті Димашын күтіп алуға жанкүйерлер көп жиналған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Малайзияға келдім. Ертең концертте кездескенше. Қолдауыңызға рақмет", - деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасына.

Димаш Малайзия әуежайында түсірілген видеоны бөлісті. Онда әншінің жанкүйерлері жиналып, сүйікті әншісін қарсы алып, шулап, сыйлық беріп жатыр.


Малайзия халқының мұндай қошеметін көрген желі қолданушылары таңданысын жасырмады.

  • Көрдіңдер ме, қазақты! Әлемді аузына қаратты! Красавчик 
  • Құрметті Димаш, сізді көргеніме қуаныштымын. Dears және тамаша қонақ әртістеріңізбен бірге тамаша концерт өткізіңіз. Сізге және сіздің отбасыңызға махаббатқа толы ыстық құшақ жібердім
  • Малайзияда жастар Димашты осылай қарсы алатын болған ба? Күшті
  • Ауыр қайғыға қарамастан, жанкүйерлерін қалдырмады! Атаңның арты қайырлы болсын, иманда болсын! Атаң естен кетпес үшін де ән айту керек.
  • Алла тіл көзден, сөзден бәле жаладан өзі сақтасын. Қазақ елінің даңқын әлемге таныта бер, жарайсың! Тек алға!

Сонымен қатар Димаш Құдайберген малайзиялық жанкүйерлерінің ұйымдастыруымен балалар ауруханасына барған.

"Кеше Малайзияға келгеннен кейін біз бірінші кезекте балалар ауруханасына бардық. Концерт алдында dears қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мен оларға тәнтімін", - деп жазды ол.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: